Алматы экономикасына 5 млрд теңге: Канье Уэсттің концерті қалай өтті

Жарияланды 20 Тамыз 2026 19:06

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Канье
Канье Уэсттің концерті қалай өтті / Фото: Freedom Ticketon

15 тамызда Алматы қаласының Орталық стадионында әлемге танымал әртіс YE-нің (Канье Уэст) концерті өтіп, 31 000 көрерменнің басын қосты. Қала экономикасына түскен пайда 5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Kursiv.LifeStyle.

Шетелдік қонақтар

Шоуға 50-ден астам елден 7 700-ге жуық турист келді (негізгі тыңдарман: АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Қытай, БАӘ, Ресей ж.б.).

Қонақүйлердің жағдайы

13–16 тамыз аралығында Алматыдағы қонақүйлер мен орналастыру орындарының толымдылығы 98%-ға жетті.

Экономикалық пайда

Туристер ағынынан қала экономикасына түскен жанама пайда шамамен 5 млрд теңгені құрады.

Ауқымды шоу және техникалық рекордтар

Дайындыққа бар болғаны бір ай уақыт берілді. Сахналық инфрақұрылым 5 күнде құрастырылса, шоудың басты символы – шар тәрізді конструкция рекордтық қысқа мерзімде дайындалды.

Алаңды жабдықтау үшін 1 жүк әуе кемесі, 7 еурофура тартылып, техникалар Алматы, Астана және Мәскеу қалаларынан жеткізілді.

Концерт күні алаңда 4 400-ден астам маман (қауіпсіздік, полиция, медицина және техникалық топ) жұмыс істеді.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты шоу бір күнге кешіктіріліп өткізілсе де, ұйымдастырушылар іс-шараны жоғары деңгейде өткізе алды. Концертті Freedom Holding Corp. пен First Media Group серіктестігі ұйымдастырды.

Айта кетейік, осыған дейін Kursiv LifeStyle стадионда болып, сахна сыртындағы дайындықпен танысқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз