
Әнші Бақыт Тұрман болашаққа болжам жасап, қай өнерге ақша салып, табыс табуға болатынын көрсетті.
Оның айтуынша, қазір жұрт киноға қомақты ақша салып жатыр. Десе де, бұл құбылыс ұзаққа созылмайды.
«Кино қазір өнер емес, бизнес болып кетті. Енді мен сіздерге болашаққа болжам айтып берейін. Қоғамға не келе жатқанын біліп отырмын. Жақында киноның дәуірі аяқталады. Ақшадан қиналып, продюссерлер де шаршайды. Көп пайда көре алмайды. Құрдымға кетіп, бәрі арта қалады», – деп болжам жасады әнші.
Бақыт Тұрманның пікірінше, мұның орнын басқа дүние басады. Ол – заманауи театрлар.
«Енді барлықтарыңыз театрға баратын боласыздар. Бірінші барғанда – күлесіздер, содан кейін жылайсыздар. Содан кейін жасанды интеллектке өтесіздер. Енді ақшаларыңызды заманауи театрға жинаңыздар. Бұйырса, сол өнер түрі дамиды», – деді Бақыт Тұрман.
Мұның алдын әнші ата-баба жолын жалғастырушы ретінде ер-азаматтарға ерекше кеңес берген еді.