Демалысты пайдалы әрі қызықты өткізу үшін, тарих пен мәдениетке арналған Qalam порталында жарияланған материалдар топтамасын ұсынамыз. Осы аптада: 1931–1933 жылдары Қазақстанда ашаршылықты кім, қалай және не үшін ұйымдастырды? Шілде айының сөзі мен апта петроглифі және Шығыстың ұлы режиссерлерінің үшінші шығарылымы.
Апат анатомиясы
XX ғасырдың 30-шы жылдарында Қазақстанды шарпыған ашаршылық қазақ халқының жан дүниесінде жазылмаған жара қалдырды. Үш жылдың ішінде қазақ жерін мекендеген әртүрлі ұлт өкілдерінен шыққан миллиондаған адам нәубеттің құрбаны болды. Көбі ішерге тамақ таппай, басқа республикаларға және шетелдерге бас сауғалап кетті. Халқымыздың жанына жазылмас жара салған қасірет туралы тарих ғылымдарының докторы Светлана Смағұлованың материалында.
Ай сөзі: Кәрілік
Осыдан бес жыл бұрын, Америкадағы президент сайлауы қарсаңында The Atlantic журналында «Жетпіс жастағылардың тираниясы» деген мақала жарық көрді. Мақала авторы Эндрю Фергюсон АҚШ билігіне үміткерлер – «гериатриялық медицина жетістігінің дәлелі» дей келіп, адам қартайған сайын дана бола түседі деген сынды тезистің күмәнді екенін жазған. Расында солай ма, материалдан оқыңыз.
Кілегейлі тауық жанжалы
Кілегейлі томат соусындағы тауық — дүниежүзіне баттер чикен — butter chicken деген атпен танымал керемет үнді тағамы. Бірақ әуел баста оны кім пісірді және бұл сұрақтың жауабын неліктен үнді соты іздеп жатыр? Жанжалдың ақыры не болғанын материалымыздан оқыңыз.
Жылқыларға үштаған не үшін қажет?
Жылқының қарын тұсында салынған жұмбақ үштаған ненің символы? Бұл саяхатшыларға арналған арнайы белгі ме? Әлде таңба ма? Осы бір таудың тас сынықтарынан ішінара сақталған іш жағындағы үштаған салынған жылқының басқа бір бейнесі табылғанда тағы бір нұсқа туындады. Зерттеушілер бұл үзеңгінің суреті деп жорамалдады. Үзеңгі ер-тоқымның атқа мінуге демеу болатын, ерге отырған соң аяқты тіреп отыратын бір бөлігі. Айтып отырған үштағанның мағынасын толығырақ мына жерден оқыңыз.
Шығыстың ұлы режиссерлері
Оның дүние салғанына төрт жыл өтіп кетсе де, Ким Ки Дук әлемдік мәдениеттегі қасиетті әрі құрмет тұтатын есім ретінде қалып отыр. Оның атын айтқанда біреулер жерініп түкірсе, басқалары толқынысын баса алмайды. Ол жаңа ғасыр бастала сала корей киносын әлемдік кино фестивальдер сайысына қосып, қаржылай тұрғыдан да елеулі жетістікке жетті. Корейдің мақтанышына әрі ұятқа қалдырған масқарасына да айналған режиссердің өмірі мен шығармашылғы туралы жаңа шығарылымынан оқыңыз.
Сонымен қатар өткен апта таңдауына да көз жүгіртіп өтіңіз.