
Валерий Меладзенің концентінде шу шығарған үш әйел жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Алматы полициясы хабарлайды.
Іс-шара барысында көрермендер арасында жанжал туындаған. Оларды қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері концерт өтетін алаңнан сыртқа шығарған.Тексеру нәтижесінде оқиғаға қатысқан үш әйел анықталды.
Олардың екеуі Алматы облысының тұрғындары болып шықты. Біреуіне сот шешімімен 5 тәулікке қамалса, екіншісіне қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін айыппұл салынды.
Ал Тараз қаласынан келген үшінші қатысушыға қатысты «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, жиналған материалдар сотқа жіберілді.
Ресейлік әнші Валерий Меладзенің концертін 4 қарашадан өткен. Концерттің алдыңғы қатарында тұрған бірнеше әйел бір-бірін итеріп, арты жанжалға ұласқан.