Аустрияда Тейлор Свифт концертінде террорлық шабуылды жоспарлаған екі күдікті ұсталды

Жарияланды 8 Тамыз 2024 13:17

(жаңартылды 8 Тамыз 2024 14:29)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Аустрияда Тейлор Свифт концертінде террорлық шабуылды жоспарлаған екі күдікті ұсталды / фото: ашық дереккөз

Аустрия астанасы Венада жоспарланған Тейлор Свифт концерттерінің бірінде лаңкестік шабуылдар жасауды жоспарлаған күдіктілер ұсталғаны туралы ақпарат шыққаннан кейін, концерт ұйымдастырушылары әншінің 3 концертін өткізуден бас тартты. Бұл туралы Euronews агенттігі хабарлады.

Свифт 8, 9, 10 тамыз күндері Аустрия астанасындағы Эрнст Хаппель стадионында өнер көрсетуі керек еді.

Іс-шараны ұйымдастырушы Barracuda Music, сәрсенбі, 7 тамыз күні кешке өзінің Instagram арнасында «Халықтың қауіпсіздігі үшін жоспарланған үш концертті тоқтатудан басқа амал жоқ» деп хабарлады.

2024 жылдың 8 тамызында Аустрияда Тейлор Свифт концерті қарсаңында 19 жасар күдікті «террорлық акт жасамақшы болды» деген айыппен қамауға алынды.

Күдікті Венадағы қауіпсіздік қызметі мен полицияның назарына түсті. Олар оның месенджерлерде сөйлесулерін және әлеуметттік желілердегі әрекеттерін зерттей келе, теракт жоспарлаған деген қорытындыға келді.

Полицияның мәлімдеуінше, жасөспірім интернет арқылы экстремистік топтардың ықпалына түскен болуы мүмкін. Аустрияның ішкі істер министрлігі өкілі Франц Руф, жастардың интернетте радикализациялану проблемасын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз