Күздің алғашқы аптасында қандай іс-шаралар өтеді?

Жарияланды 30 Тамыз 2024 17:11

(жаңартылды 30 Тамыз 2024 14:08)
post.authors.0.name

Айшолпан Керім

Авторлық әндер, рок кеші: тағы қандай іс-шаралар жоспарланған? / Фото: Shutterstock 

Әне-міне дегенше жаз аяқталып, күз келіп қалды. Күз қоңыр салқын күнімен, сиқырлы самал жел ескен кештерімен ерекше. Ал бұл мезгілге ерекше сән бергіңіз келсе, алдағы күздің ерекше естелік ретінде есте қалғанын қаласаңыз, әр күнді ерекшелеп, түрлі шарадан қалмауға тырысыңыз. Бүгінгі материалымызда күздің алғашқы алғашқы аптасында еліміздің әр өңірінде өтетін қызық шаралар тізімін ұсындық.

Авторлық әндер кеші

2 қыркүйекте Алматы қонақтары Олег Митяевтің авторлық әндер кешіне барып, уақытын көңілді өткізе алады. Кеште Митяевтің әуезді әндері шырқалып, көрерменге оның шығармашылығымен жақыннан танысу мүмкіндігі ұсынылады.

Олег Митяев – әндері романтика мен шынайылық сивмолына айналып үлгерген ән өнерінің хас шебері. Оның әндері миллиондаған тыңдарманның жүрегіне жол таба алды. Артистің концертті үнемі ерекше форматта өтеді. Қызықты моноқойылым үлгісіндегі шығармашылық кеште әнші тек ән айтып қоймай, импровизация жасайды, көрермендерімен арқа-жарқа болып, әңгімелесіп те алады.

Кеш Республика сарайында өтеді. Билеттерді Ticketon.kz сайтынан таба аласыз.

Елордада рок кеші өтеді

Астанада JAZI ORCHESTRA тобы «ЛЕГЕНДЫ РУССКОГО РОКА» кеші өтеді. Кеш 7 қыркүйек күніне жоспарланған. Бұл концертте Jazi Orchestra рок-бэнді көрерменге жаңа әрі ерекше музыкалық бағдарлама ұсынады.

Бағдарламаға сәйкес, кеште «Сплин»,«Ария», «Би-2», «Кино», «Тату», «Чичерина», «Земфира», «Город 312», «Слот», «Звери», «Мумий тролль» және тағы да басқа хит орындаушылардың туындылары орындалады. Ұйымдастырушылар бұл ең танымал әрі сүйікті әннен ләззат алып, сол дәуірге кішігірім саяхат жасау үшін керемет мүмкін болатынын айтады. 

«Астана Опера» театрының ХІІ маусымының салтанатты ашы

7 қыркүйек күні «Астана Опера» театрының ХІІ маусымының салтанатты ашылуы өтеді. Салтанатты шара аясында Kazakh Opera Gala концерті өтеді. Кеште опера труппасының жетекші солистері мен өнер көрсететін симфониялық оркестр өнер көрсетеді. Оркестрге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Алан Бөрібаев атындағы мемлекеттік жүлде лауреаты дирижерлік етеді. Концертте қонақтарға Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Евгений Брусиловский, Ғазиза Жұбанова, Еркеғали Рахмадиев, Мұқан Төлебаев, Сыдық Мұхамеджанов сияқты және өзге танмал композиторлардың туындылары орындалады. 

Kostanay Music Fest

Дәл осы күні Қостанай тұрғындары үшін Kostanay Music Fest шарасы өтеді. Керемет музыкалық әсер сыйлайтын фестиваль биыл осымен үшінші рет өткелі отыр. 7 қыркүйек күні сағат 17:00-де Қостанайдағы орталық стадиода Sadraddin, Dequine, Shiza, Taspay, Arshat, Ayau, ARO, 6ellucci және Dosekesh сияқты сүйікті әншілеріңіз сіз үшін өнер көрсетеді. Кеш хедлайнерлері –  ORDA және Irina Kairatovna.

Биылғы фестиваль ерекше өтпек, себебі кеш бойы артистерді  «Ne Prosto Orchestra» оркестрі сүйемелдейді. Билеттерді Ticketon.kz сайтынан таба аласыз.

Ұлы композитор Ханс Циммердің туындыларына негізделген кеш

8 қыркүйек күні Астанада Tynda.music ұлы композитор Ханс Циммердің туындыларына негізделген кеш өткізеді. Кеште симфониялық оркест мен хор өнер көрсетеді.

Ханс Циммер – кинотуындыларға жазылған музыкасы арқылы әлемге әйгілі неміс кинокомпозиторы. Ол киноиндустриядағы инновациялық копмозитор ретінде танылған. Оның туындылары электрондық муызка мен дәстүрлі оркестрлік өңдеуді үйлестіре алатынымен ерекше.

Шара 8 қыркүйек күні Республика даңғылындағы Жастар сарайында сағат 20:00-де өтеді. Билеттер Ticketon.kz сайтына сатылымға шықты. 

Сондай-ақ оқыңыз