LEGO компаниясы көшпенділер мәдениетін дәріптейтін киіз үй ойыншығын шығармақ

Жарияланды 16 Қыркүйек 2024 09:52

(жаңартылды 16 Қыркүйек 2024 11:22)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
LEGO киіз үй шығармақ/ коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Құрастырмалы ойыншық шығаратын LEGO компаниясы көшпенділер мәдениетін дәріптейтін киіз үй ойыншығын шығару мүмкін. Бұл жоба LEGO Ideas платформасында ұсынылып, дауыс беру жүріп жатыр.

LEGO – әлемдегі ең танымал ойыншықтардың бірі. Ол балалардың қиялын дамытып, шығармашылық қабілетін арттырады.

LEGO Ideas платформасы арқылы кез келген адам өзінің ерекше идеяларын ұсына алады. Егер жоба қажетті дауыс жинайтын болса, LEGO компаниясы оны өндіріс жоспарына енгізеді. LEGO киіз үй жобасын қазақтың ұлттық ойындарын жаңа дизайнмен насихаттап жүрген Айнұр Полатова ұсынды. Оның айтуынша, бұл жоба тек балалар үшін қызықты ойыншық қана емес, сонымен қатар қазақ мәдениетін әлемге танытатын құрал бола алады.

«LEGO Nomad Yurt жобасына дауыс беру — бұл тек ойыншық шығару емес, мәдени мұрамызды сақтап, оны келешек ұрпаққа жеткізу. LEGO киіз үйі ұлттық құндылықтарымызды насихаттап қана қоймай, еліміздің туристік әлеуетін де арттырады. Себебі, мұндай ерекше ойыншық туристердің де қызығушылығын тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, киіз үйдің құрастырмалы үлгісі балаларға ұлттық мәдениетімізді түсініп, оны бағалауға мүмкіндік береді», – деді жоба авторы.

Қазақ үй нұсқасындағы құрастырмалы ойыншығына LEGO Ideas платформасында дауыс бере аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз