Қырғызстан көкбөрі федерациясы Қазақстан көкпаршыларын Ыстықкөл жағасында қарымта ойынға шақырды

Жарияланды 16 Қыркүйек 2024 11:26

(жаңартылды 16 Қыркүйек 2024 11:46)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қырғызстан Ыстықкөл жағасында қарымта ойынға шақырды / Фото: WorldNomadGames

Қырғызстан көкбөрі федерациясы қазақ көкпаршыларына 1 қарашада Ыстықкөл жағасында көкпардан қарымта ойынды өткізуді ұсынды. Бұл туралы федерация басшысы Рамис Жунысалиев мәлімдеді.

«Біз қазақ тарапына даулы сәттерді шешу үшін қарымта матч өткізуді ұсынып отырмыз. Көршілес елдің спортшыларына Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы құраммен шығуды ұсынамыз», – деді Жунысалиев.

Бұл ұсыныс Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы спорттық байланыстарды нығайтуға және әділ ойын қамтамасыз етуге бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Астанадағы «Қазанат» ипподромында көкпардан финал өткен. Ақтық сайыста Қазақстан құрамасы Қырғыстаннан келген көкпаршылармен бақ сынасып, жеңіске жеткен еді.

Финалдық ойын барысында екі елдің көкпаршылары арасында қақтығыс орын алып, Қазақстанның ҰҚК қызметкері қырғыз көкпаршысына қысым көрсеткен деген ақпарат тараған еді.

Сондай-ақ оқыңыз