Дубайда 2026 жылы әуе такси қызметі іске қосылмақ

Жарияланды 18 Қыркүйек 2024 16:43

(жаңартылды 18 Қыркүйек 2024 17:11)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Дубайда әуе таксилері пайда болады / shutterstock, бильд-редактор: Артур Алескеров

2026 жылдың бірінші тоқсанында Дубайда әуе таксилері пайда болады. Бұл туралы Дубайдың Көлік және жол басқармасының көлік технологиялары департаментінің директоры Халед Аль Авади мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта біз америкалық Joby Aviation компаниясымен бірге көлікті сынақтан өткізу және сертификаттау жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Сондай-ақ біз британдық Skyports компаниясымен «вертипорттар» станциясын жобалау кезеңін бастадық, бұл компания «вертипорттарды» әзірлеумен айналысады», – деді Аль Авади.

Аэротакси үшін инфрақұрылым нысандары, соның ішінде әуежайлар, сондай-ақ мониторинг және қауіпсіздік жүйесі құрылады. Халед Аль Авади әуе такси құны тікұшақты жалға алуға қарағанда, әлдеқайда арзан болатынын айтты. Оның айтуынша, бұл қызметтің құны лимузинді жалға алу құнымен шамалас болады.

Сонымен қатар аэротакси электр қуатымен жұмыс істейді. Ол тікұшақтарға қарағанда 100 есе тыныш болады деп күтіліп отыр. Әуе таксилеріне арналған алғашқы екі әуежай 2026 жылдың басында ашылады. Ал 2025 жылы ұшқышсыз жерүсті таксилері де жұмыс істей бастайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайдың Гуанчжоу қаласында ұшқышсыз әуе таксиі сынақтан өткізілді.

Қытайдағы таныстырылымды сынақ рейсі орындалды. Әуе көлігін жергілікті EHang Holdings Ltd компаниясы құрастырған. Бұл әлемдегі алғашқы ұшқышсыз ұшатын коммерциялық электротакси болмақ.

Сондай-ақ оқыңыз