Белгілі қазақстандық актер Мұрат Бисенбинге қатерлі ісік диагнозы қойылған. Бұл туралы оның әріптесі Саят Исембаев Instagram парақшасында мәлімдеді. Исембаев Бисембиннің еміне қаражат керек екенін айтып, халықтан көмек сұрап, оған көмектесу үшін банк реквизиттерін жариялады. Оған қазақстандық өнер жұлдыздары қолдау көрсетті.
«Мұрат онкологиялық дертке шалдықты. Қазір ем қабылдап жүр. Бәрі ойдағыдай болады, ол өз қалпына келеді. Құрметті достар, мүмкіндігінше оған қаржылық көмек көрсетейік. Біздің қолдауымыз оның сауығып кетуіне өз ықпалын тигізеді. Мұрат, сенімен біргеміз», – деді ол.
Саят Исембаевтың үндеуінен кейін, Бисенбинге өзге әріптестері де қолдау көрсете бастады. Олардың ішінде актер Артур Төлепов, Тәуекел Мүсілім, әнші Бүркіт, блогер Серікжан Тілеулесов және басқалар бар.
Мұрат Бисенбиннің Instagram парақшасына да халық ізгі лебіздерін қалдырып, оның тез сауығып кетуін тілеуде. Оған тез арада халықтан қаржылық көмек сұрау керек екендігін айтып, оны «Руслан бауырым» («Рэкетир» фильміндегі кейіпкерінің рөлі) деп атауда.
Актер 1972 жылы 11 қазанда Қызылордада дүниеге келген. Политехникалық институтты ауыл шаруашылығы саласындағы инженер-механик мамандығы бойынша бітірді. Болашақ актер ешқашан мамандық бойынша бір күн жұмыс істемеген. Көптеген кастингке қатысып, киноактер ретінде мансап құруды армандаған.
51 жастағы Мұрат Бисенбин 2000-шы жылдардың басында режиссер Ақан Сатаевтың дебюттік «Рэкетир» криминалдық драмасындағы Руслан рөлімен танымал болған. 800 мың долларға түсірілген фильм қазақстандық прокатта рекордты жаңартып, 1,2 млн доллар жинаған.