Қаржы министрлігі мемлекеттік даму бағдарламаларына қаржы тарту үшін әлемдік нарықтарға еурооблигация шығарады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
tehjj,kbufwbz
Қаржы министрлігі не үшін еурооблигация шығарады / Фото:shutterstock.com

Қаржы министрлігі халықаралық капитал нарықтарында еурооблигация орналастыру басталғанын хабарлады. Одан түскен қаржы мемлекеттік даму бағдарламаларын қаржылдандыруға жұмсалады.

«Бұл шығарылым әлемдік қаржы нарықтарындағы Қазақстанның ұстанымын нығайту және тұрақты мемлекеттік даму бағдарламаларды қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталған». – делінген Қаржы министрлігінң хабарламасында.

Бірінші кезең аясында жаһандық инвесторлармен роуд-шоу өткізіледі. Оның мақсаты – елдің экономикалық әлеуеті мен негізгі қаржылық көрсеткіштерін көрсету. Екінші кезеңде прайсинг жасалып, еурооблигация орналастыру шарттары айқындалады.

3 қазан күні AIX алаңында Қаржы министрлігінің онжылдық еурооблигацияларының букбилдингі өтеді. Бір қағаздың номиналды құны – 200 000 АҚШ долларына тең. Жалпы шығарылым көлемі 1,5 миллиард доллар, купон мөлшерлемесі – 4,87%.

Тамыз айында Bloomberg басылымы өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, Қазақстан 2015 жылдан бері алғаш рет $1,5 млрд долларлық облигацияларды орналастыруды жоспарлап отырғанын жазған. Басылым мәліметінше, Қазақстан еуродағы бағалы қағаздарды соңғы рет 2018-2019 жылдары орналастырған.

Бұл бастама мұнай-газ активтеріне қатысты ұзаққа созылған сот дауы шешіле салып үсынылған. 2017 жылы Қазақстан Tristan Oil компаниясының иелері – Анатол Стати мен Габриэль Статиге 500 миллион доллар төлеуден бас тартқан соң, елдің 28 миллиард доллар активі бұғатқа түскен еді.

Шілдеде Қазақстан Үкіметі молдаван кәсіпкерлерімен арадағы 14 жылдан аса созылған дауға нүкте қойғанын хабарлады. Екі тарап дауды бейбіт және өзара тиімді шешу жайлы негіздемелік келісімге келген.

Сондай-ақ оқыңыз