
2027 жылы Қазақстан үкіметі Ұлттық қордан 2,4 трлн теңге кепілді және «аса маңызды» жобалар үшін 2 трлн теңге нысаналы трансферт алуды жоспарлап отыр. Алайда сарапшылар ел билігінің қордан қайтадан қомақты қаржы алуы келер жылы инфляцияға қосымша қысым түсіруі мүмкін деп тұжырымдайды.
AERC сарапшыларының жаңа монетарлық шолуына сәйкес, Қазақстанда инфляция қарқыны құбылмалы сипат алып отыр.
2026 жылдың қыркүйегінде жылдық инфляция 9,3%-ға дейін бәсеңдеген еді. Алайда қазан айында бұл көрсеткіш қайта өсіп, 9,38%-ды құрайды деген болжам бар.
Ал 2026 жылдың қарашасы мен 2027 жылдың қаңтары аралығында айлық инфляцияның сәл қарқын алуы ықтимал. Дегенмен, былтырғы жоғары базаның арқасында жылдық көрсеткіш біртіндеп төмендеп, 2027 жылдың қаңтарында 8,77%-ға дейін бәсеңдейді.
Бұдан бөлек, сарапшылар бюджеттік саясатындағы тәуекелдерге назар аудартады. 2027 жылға арналған республикалық бюджет жобасында Ұлттық қордан 2 триллион теңге көлемінде мақсатты трансферт алу қарастырылған.
Мұндай ауқымды қаржыландыру ішкі сұранысты жасанды түрде арттырып, 2027 жылы инфляцияны қайта күшейтуі мүмкін.
Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша, орташа жылдық инфляция 2026 жылы 10,3% деңгейінде қалыптасса, 2027 жылы 8,2%-ға дейін төмендеуі мүмкін.