Қазақстан 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын қабылдамақ

Жарияланды 9 Қазан 2024 12:55

(жаңартылды 9 Қазан 2024 12:55)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қазақстанда дзюдо бойынша әлем чемпионаты өтеді / фото: shutterstock, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстанда 2027 жылы Дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Будапешттегі сапар аясында Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен кездесу өткізді. Министрліктің мәліметінше кездесу барысында Қазақстанда дзюдоны дамыту бойынша негізгі келісімдер жасалды.

«Дзюдо жанкүйерлері үшін керемет жаңалық! Қазақстанда 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын өткізу туралы келісімдерге қол жеткізілді. Бұл еліміз үшін үлкен мәртебе ғана емес, сонымен қатар қазақстандық спортшылардың өзін көрсетуіне және Лос-Анджелесте өтетін Олимпия ойындарына дайындықтарын күшейтуге жақсы мүмкіндік», деді министр.

Сонымен қатар, Қазақстанда Халықаралық дзюдо федерациясының Академиясының өкілдігін ашу туралы келісімге қол жеткізілді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әлем чемпионатын қабылдаған еді. Астанада 2015 жылы өткен додада бір салмақта (60 кг) екі дзюдошымыз финалда күресіп (Елдос Сметов пен Рустам Ибраев), Елдос Сметов алтыннан алқа таққан. Жалпы есепте Ұлттық құрама 1 алтын, 1 күміспен 4 орын алған еді.

Сондай-ақ, Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік Abu Dhabi Grand Slam жарысына қатысады. 11-13 қазан күндеріне жоспарланған әлемдік додаға 33 елден 236 спортшы қатысады.

Еске сала кетейік Париж олимпиадасында дзюдодан Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп Елдос Сметов алтын жүлде алса, Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ оқыңыз