Харуки Мураками тағы да құр қалды: Әдебиет саласындағы Нобельді кореялық жазушы Хан Ган иеленді

Жарияланды 10 Қазан 2024 18:43

(жаңартылды 10 Қазан 2024 18:43)
post.authors.0.name

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Әдебиет саласындағы Нобельді кореялық жазушы Хан Ган иеленді
Әдебиет саласындағы Нобельді кореялық жазушы Хан Ган иеленді / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Швеция корольдік Ғылым академиясының шешімімен 2024 жылғы Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын Оңтүстік Корея жазушысы Хан Ган иеленді.

Академияның шешімі 10 қазанда жария болды. Қазылар алқасы автордың «тарихи азаптармен күресуге мүмкіндік беретін әрі адам өмірінің нәзіктігін бейнелейтін поэтикалық прозасын» жоғары бағалаған.

Хан Ган 1970 жылы Оңтүстік Кореяның Кванжу өңірінде дүниеге келген. Оның «Вегетариан қыз» романы 2016 жылы халықаралық Букер сыйлығын иеленген. 

«Вегетариан қыз» романы Ёнхе есімді қыздың қорқынышты түстері жайлы. Ол өз санасын тазарту үшін еттен мүлдем бас тартып, бұ әрекет оғаш оқиғалар тізбегін тудырады. Кітапты сарапшылар «еттен бас тарту туралы ғана емес, әйел адамның жан дүниесі мен қоршаған ортаға зорлықпен күресуі» деп бағалаған.

Автордың танымал тағы бір романы «Адамның іс-әрекеті» деп аталады. Бұл студенттердің көтерілісі кезінде қайтыс болған 15 жасар бала туралы роман. Жасөспірімнің өлі денесін тасымалдауда туындаған қиындықтармен, ата-анасының ішкі жан-дүниесіндегі азабы туралы баяндалған.

Осыған дейін Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығына үміткерлер туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз