2024 жылдың 28 қарашасында Қазақстанда алғаш рет Алматыда «Такси Қазақстан 2024» – такси нарығына қатысушыларының форумы өтеді.
Айта кететіні, жолаушы тасымалы, оның ішінде такси қызметі – Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың бес айында аталған нарық субъектілерінің кірісі 3 373,5 млн теңгені құрады. Жалпы саны 28 437,5 мың адам тасымалданды.
Форумда такси нарығын реттеу, Қазақстандағы такси нарығының болашағы, такси қызметіне салық салу, такси парктерін автокөліктермен қамтамасыз ету, тұтынушы қауіпсіздігі мәселелері, саланы қаржыландыру және сақтандыру, Алматы қаласының такси паркін электр көліктеріне көшіру сынды өзекті мәселелер талқыланады.
Жиынға сала мамандары мен сарапшылар, нарық қатысушылары қатысады. Атап айтқанда, Қазақстан такси индустриясы қауымдастығының төрағасы – Жеңіс Мұхиев, Қазақстандағы Yandex Go компаниясының басшысы – Тайыр Байдүйсен, «Freedom Finance Insurance» СК» АҚ басқарма төрағасы – Азамат Керімбаев.
Жиынды «Қазақстанның такси және такси жалдау саласының қауымдастығы» ұйымдастырады. Ұйымға 160 компания мүше және Қазақстандағы жетекші мамандандырылған бірлестік. Оның ішінде ірі такси парктері, агрегаторлар, автомобиль және лизингтік компаниялары, қосалқы бөлшек брендтерінің өкілдері бар.
Форумның технологиялық серіктесі – такси жүргізушілері мен курьерлерге арналған Яндекс Про қосымшасы.
Ұйымдастырушылар форум бизнес пен үкіметті байланыстыратын ең үлкен платформаға айналады деп сенеді.
Еске сала кетсек, 2024 жылдың алты айында Қазақстанда такси қызметінен 4 млрд теңге табыс түсті. Тасымалдаушылар қызметін пайдаланған жолаушылар саны 37,63%-ға өсіп, 35,6 млн адамға жетті.
Сонымен қатар, Yandex соңғы уақытта өз сервистерінде қазақ тілін қолдауды белсенді дамытып жатыр. Мысалы, пайдаланушылар үшін қазақ тілінде іздеу жүйесі, нейронды аударма, ақылды камера және бейне аудармасы іске қосылды. Сондай-ақ, Алиса виртуалды көмекшісі енді қазақ тілінде сөйлей алады.
Yandex иелік ететін «Кинопоиск» сервисі қазақстандық көрермендерге отандық фильмдер мен шетелдік фильмдердің қазақ тіліндегі аудармаларын ұсынады. Яндекс Музыка платформасында 500-ден астам қазақстандық әртістердің шығармалары қолдау тауып, олардың аудиториясы кеңеюде.