ХВҚ Қазақстанның 2024-2025 жылдарға арналған экономикалық дамуына қатысты болжамын сақтап қалды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
ХВҚ болжамы неге өзгерді? / Архив: kursiv.media

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Қазақстанның биылғы жылы 3,5% және 2025 жылы 4,6% деңгейінде экономикалық өсіміне қатысты болжамын өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы ұйымның сайтында жарияланған баяндамада жазылған.

2026 жылы ЖІӨ өсімі 3,4%, ал 2027 жылы экономика 0,2%-дық тармаққа өседі деп болжануда.

ХВҚ 2024 жылға арналған макроэкономикалық болжамдарын жаңартып, бірқатар елдерге қатысты көрсеткіштерді төмендетті. Сондай-ақ:

  • Жыл басындағы экономикалық өсімнің баяулауына байланысты АҚШ бойынша болжам 0,1 пайыздық тармаққа төмендеді.
  • Жапония бойынша болжам 0,2 пайыздық тармаққа төмендеді, бұл жеткізу тізбегіндегі уақытша кідірістер және жеке инвестициялардың жетіспеушілігін көрсетеді.
  • Бразилияға келсек көрсеткіш -0,1 пайыздық тармаққа төмендеген. Ол соңғы су тасқынының салдарына байланысты.
  • Мексика бойынша болжам 0,2 пайыздық тармаққа төмендеді. Оған сұраныстың әлсіреуі ықпал етті.
  • Болжамның ең үлкен төмендеуі – 0,9 пайыздық тармаққа Сауд Арабиясында тіркелді. Оған мұнай өндіруге шектеулерді ұзарту ықпал етті.

Сонымен бірге, ХВҚ басқа аймақтар бойынша болжамдарды жақсартты:

  • Еуроаймақ: көрсеткіш 0,1 пайыздық тармаққа жақсарды. Бұған қызмет көрсету секторының нығаюы мен жоғары таза экспорт себеп.
  • Қытай: болжам 0,4 пайыздық тармаққа өсті, оған тұтынудың қалпына келуі және жылдың басында күшті экспорт көмектесті.
  • Үндістан: болжам 0,2 пайыздық тармаққа жақсарды. Ол ауылдық жерлерде жеке тұтынудың артуына байланысты.

Еске сала кетсек, қазан айының басында Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2029 жылы жаһандық экономиканың өсуін 3,1% деңгейінде болжады. Бұл соңғы онжылдықтардағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі болды. Аталған деректер ХВҚ-ның жылдық есебінде жазылған.

2024 жылғы шілдеде Халықаралық валюта қоры әлемдік экономиканың өсіміне қатысты болжамын өзгертпеді.

Сондай-ақ оқыңыз