Қазақстан туризм саласында беделді Uzakrota Travel Awards марапатына ие болды

Жарияланды 18 Қараша 2024 20:36

(жаңартылды 18 Қараша 2024 20:37)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қазақстан туризм саласында беделді марапатқа ие болды / фото: архив kursiv.media

Стамбұлда өткен Uzakrota Travel Summit 2024 аясында Қазақстан беделді марапатқа ие болды. Саммит барысында туризм саласы мен елдерді туристік бағыт ретінде насихаттауға қосқан үлесі үшін 40 номинация бойынша жыл сайынғы сыйлықтар табысталды.

Жеңімпаздарды анықтауда сарапшылар мен көпшіліктің пікірі ескерілді. Бұл жолы Қазақстан Uzakrota Travel Awards марапатына алғаш рет ие болып отыр.

Саммитке 110 елден 15 мың делегат қатысты. Kazakh Tourism Қазақстанның туристік әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, елімізді әлемдік қауымдастыққа ұсынды. 2025 жылы Қазақстан Түркия және өзге елдермен туристік байланыстарды нығайтуға ниетті, сонымен қатар Стамбұлда өтетін EMITT халықаралық туристік көрмесіне қатысуды жоспарлап отыр.

«Түркия Қазақстанға келушілер саны бойынша ТМД елдерін есепке алмағанда екінші орында тұр. 30 күндік визасыз режим мен Қазақстан мен Түркия арасында тұрақты тікелей рейстердің болуы туристер ағынының өсуіне ықпал етеді. Биылғы жылдың алғашқы жартысында елімізге келген түрік туристерінің саны 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға артты», – деп хабарлады Туризм министрлігі.

Еске сала кетейік, бұған дейін халықаралық Lonely Planet басылымы 2025 жылы саяхаттау үшін Қазақстанды үздік елдер қатарына енгізді.

Сондай-ақ оқыңыз