IPhone 17 Air жаңа моделі Apple тарихындағы ең жұқа смартфон болады. Оның қалыңдығы небәрі 5-6 мм, SIM-карта салатын ұясы мен төменгі жағындағы динамиктер болмауы мүмкін.
The Information басылымының ақпаратына сүйенсек, Apple компаниясы қалыңдығы 5-тен 6 мм-ге дейінгі iPhone 17 Аir прототипін сынақтан өткізіп жатыр. Смартфон өте жұқа дизайнымен ерекшеленіп, бірнеше функционалдық шектеулерге ие болады. Жұқа болуына байланыс оның SIM ұясы жоқ, модель дисплейдің жоғарғы жағында бір ғана динамикпен және бір негізгі камерамен жабдықталған.
Смартфон Apple Intelligence қолдауымен Apple A19 процессорында жұмыс істейді. Айтпақшы, болашақта шығатын iPhone 17 Pro және Pro Max — A19 Pro процессорының жетілдірілген нұсқасын алады. Ең жұқа смартфонның батарея сыйымдылығы қазіргі модельдерге қарағанда аз болмақ.
Apple 2025 жылдың қыркүйегінде iPhone 17 Air, 17 Рro және 17 Pro Max модельдерімен қатар ұсынады. Жаңа құрылғының құны әлі белгісіз.
Айта кетейік, қыркүйекте шыққан iPhone 16 моделін алу үшін Қазақстан азаматтары қанша жалақысын жұмсауы керек екенін есептеп шыққан едік.