Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі қызметінен кетті
Жарияланды
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар өзінің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты қызметтен кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жазбасында хабарлады.
Жақсылық Омар Өскемен қаласын 6 жылдан астам уақыт басқарған.
«Әр нәрсенің өз уақыты бар»,- деген әкім қала тұрындары мен мемлекет басшысы өз ризашылығын білдірді.
Жақсылық Омар 2009-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі. облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, мәдениет басқармасының басшысы болған.
Ал 2013-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2016-2018 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2018 жыылдан бері Өскемен қаласының әкімі болды.