Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі қызметінен кетті

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Фото: Жақсылық Омардың әлеуметтік желідегі парақшасынан, бильд-редактор Дастан Шанай

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар өзінің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты қызметтен кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жазбасында хабарлады.

Жақсылық Омар Өскемен қаласын 6 жылдан астам уақыт басқарған.

«Әр нәрсенің өз уақыты бар»,- деген әкім қала тұрындары мен мемлекет басшысына өз ризашылығын білдірді.

Жақсылық Омар 2009-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі. облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, мәдениет басқармасының басшысы болған.

Ал 2013-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2016-2018 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2018 жылдан бері Өскемен қаласының әкімі болды.

Сондай-ақ оқыңыз