Астананы жаңа жылдық безендіруге бюджеттен 700 млн теңге бөлінеді

Жарияланды 29 Қараша 2024 15:10

(жаңартылды 29 Қараша 2024 15:45)
post.authors.0.name

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Астананы жаңа жылдық безендіруге 700 млн теңге бөлінеді
Астананы жаңа жылдық безендіруге 700 млн теңге бөлінеді / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Астана қаласын жаңа жылдық безендіру шараларына бюджеттен жалпы 700 млн теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдік ақпаратына сүйенсек, қаланың жалпы безендіру жұмыстарына 696,7 млн теңге бөлінеді. Бұл сома елорда аудандары арасында бөлінген; Нұра ауданына 79 млн теңге, Сарыарқа ауданына 110 млн теңге, Алматы және Сарайшық ауданына 165 млн теңге, Байқоңыр ауданына 158,8 млн теңге, Есіл ауданы 183,9 млн теңге.

Фото: Астана әкімдігі

Безендіру жұмыстары қараша айының ортасында басталып, 30 желтоқсанға қарай аяқталуы тиіс.

Қаланың 6 ауданында 60-қа жуық демалыс орындары ашылады. Олардың қатарында: мұз айдындары, сырғанақтар, сүйкімді шағын архитектуралық мүсіндер, фотоаймақтар сынды көңіл-көтеру аймақтары болады. 

Фото: Астана әкімдігі

Бұған қоса, әкімдіктер жаңа шырша сатып алмайтыны жазылған. Олар өз қарамағында бар шырша қолданып, оны безендіретін шырақтардың бір бөлігі былтырдан қалған.

Сондай-ақ оқыңыз