Марк Цукерберг АҚШ үкіметі әлеуметтік желіде цензура енгізуге мәжбүрлегенін айтты

Жарияланды 11 Қаңтар 2025 15:12

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Марк Цукерберг
Марк Цукерберг АҚШ үкіметі әлеуметтік желіде цензура енгізуге мәжбүрлегенін айтты / Фото: shutterstock

Meta компаниясының негізін қалаушы Марк Цукерберг американдық тележүргізуші Джо Роганның подкастында әлеуметтік желілердегі цензура мен үкіметтік құрылымдардың қысымы туралы егжей-тегжейлі айтып берді

«Соңғы 10 жылда идеологиялық себептермен цензураны насихаттау басталды. Модерация жасау тез арада саяси цензураға көшті. Бұл әсіресе АҚШ-та жүйеге деген сенімді бұзатынын түсіндім», – деді Цукерберг.

Цензураны күшейтуге түрткі ретінде ол Дональд Трамптың алғашқы президенттік сайлауындағы жеңісі ЕуроОдақтағы Brexit пен COVID пандемиясымен сәйкес келгенін айтты. Өз компаниясы алғаш рет 2016 жылы Демократиялық партияның «жаппай институционалдық қысымына» тап болғанын атап өтті.

Цукербергтің айтуынша, АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден әкімшілігі вакциналардың жанама әсерлеріне жазбаларды жоюды талап еткен. Цукерберг Байден әкімшілігі адамдардың өлімі үшін жауапкершілікті Meta-ға артамыз деп қорқытқанын айтқан. 2021 жылдың шілдесінде АҚШ президенті «компания жалған ақпарат тарату арқылы адамдардың өліміне себеп болғанын» айтқан.

Цукерберг АҚШ билігін жалған аккаунттар арқылы жалған ақпарат таратып, қоғамдық пікірге әсер етті деп айыптады. Қазір Мeta жалған ақпаратпен күресу және модерацияны жақсарту үшін жасанды интеллектті белсенді түрде дамытып жатқанын айтқан. 

Бұған қоса, Францияда Павел Дуровтың тұтқындалуы әлеуметтік желілердің жұмысына «үкіметтің араласуының дәлелі» деп келтірген. Цукерберг WhatsApp пен Signal-ді ең қауіпсіз хабаршылар деп атады.

Өткен аптаның басында Цукерберг Meta өзінің платформаларында фактілерді тексеру шектеулерін алып тастайтынын айтқан. Meta қазір цензура саясатын қайта қарауды жоспарлап отыр. 

Meta-дағы модерация жүйесінің жойылуы Дональд Трамптың инаугурациясына дайындық кезінде орын алады. АҚШ-тың жаңа сайланған президенті корпорацияны цензура үшін сынға алған.

Сондай-ақ оқыңыз