Қарлы боран, көктайғақ – 28 қаңтарға ауа райы болжамы 

Жарияланды 28 Қаңтар 2025 08:23

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Қарлы боран, көктайғақ – 28 қаңтарға ауа райы болжамы / shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

28 қаңтарда Қазақстанның солтүстік және батыс аймақтарында қар жауады деп күтіледі. Ел бойынша ауа температурасы өзгере қоймайды. Бұл туралы «Қазгидромет» болжамында жазылған.

Синоптиктер болжамына сүйенсек, елдің барлық аумағында тұман түсіп, жел күшейеді. Әсіресе, солтүстік аймақтарда қатты боран соғады. Оңтүстік мен шығыста көктайғақ.

Бүгінгі күнге 14 өңірде дауылды алдын ала ескерту жарияланды. Яғни Атырау, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қостанай, Түркістан, Павлодар, Маңғыстау, Ақмола және Жамбыл облыстарында автокөлікпен жолға шығу қауіпті болатыны ескертілді.

Астанада қар жауып, боран соғады, желдің жылдамдығы — 9-14 м/с, ауа температурасы күндіз -8 -10 °C, түнде  -8 -10 °C.

Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, ауа температурасы күндіз +3 + 5 °C, түнде -5 -7 °C.

Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, боран соғады, желдің жылдамдығы 8-13 м / с, ауа температурасы күндіз +3 + 5 °C, түнде -3 -5 °C.

Сондай-ақ оқыңыз