Қалың қар, екпінді жел – 31 қаңтарға ауа райы болжамы 

Жарияланды 31 Қаңтар 2025 08:09

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Қалың қар, екпінді жел – 31 қаңтарға ауа райы болжамы / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский

2025 жылдағы қаңтар айының соңғы күнінде Қазақстанның көп бөлігіне қалың қар түсіп, екпінді жел соғады. Бұл туралы «Қазгидромет» болжамында жазылған.

Болжам:

Синоптиктердің болжауынша, елдің солтүстігінде қалың қар, боран, екпінді жел, тұман болжанады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста — көктайғақ, қар жауады. Республиканың батыс облыстарында жауын-шашын болмайды.

«Қазгидрометтің» мәліметтері бойынша, түнде елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы –20 –28°C дейін төмендейді. Бірақ 1 ақпан күні түстен кейін термометр бағандары кері жылжып, күн жылына бастайды.

Маңызды қалалар:

Астанада күндіз -13 -15 °C, түнде -23 -25 °C, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы-3-8 м / с.

Алматыда күндіз -2 -4 °C, түнде -7 -9 °C, қар жауып, тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады, желдің жылдамдығы — 2-7 м / с.

Шымкентте күндіз -1 +1 °C, жауын-шашынсыз, кейде тұман болады. Түнде -4 -6 °C, қар, көктайғақ, кейде тұман, желдің жылдамдығы-5-10 м / с.

Сондай-ақ оқыңыз