5 ақпанда елдің басым бөлігі жауын-шашынсыз суық ауа райын алып келетін Солтүстік антициклонның ықпалында болады. Бұл туралы «Қазгидромет» болжамында жазылған.
Болжам
Қар тек елдің батыс аймақтарында күтіледі. Солтүстік-батыста, шығыс пен орталықта қатты жел соғады.
Жалпы республика бойынша синоптиктер тұман, көктайғақ және желдің күшеюін болжайды. Жүргізушілерге ұзақ сапарлардан бас тартуға кеңес беріледі, ал жаяу жүргіншілерге тайғақ көшелерде мүмкіндігінше мұқият болу ұсынылады.
Астанада күн бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман, түнде температура -12 -14 °C, күндіз -4 -6 °C.
Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, түнде температура -9 -11 °C, күндіз 0 -2 °C.
Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, түнде температура -4 -6 °C, күндіз +8 -10 °C.