![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/5-152.jpg)
Шариғат заңы бойынша, әйелдердің көпшілік алдына боянып шығуына болмайды. ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі оқырмандардың сұрағына осындай уәжін айтты.
Нақтырақ атап өтсек, әйелдерге шариғатта бет-жүзіне боянуына рұқсат берілген. Бірақ белгілі бір шарттарды орындауы керек.
«Әйелдер күйеуінің алдында ғана боянады. Бұлардан басқа бөгде адамдардың алдында жұқартып немесе қалыңдатып болса да боянуға болмайды. Бояғыш заттардың құрамында нәжіс, харам, су өткізбейтін нәрселер болмауы тиіс», – деп жазылған ҚМДБ мәлімдемесінде.
Сондай-ақ ері қайтыс болған әйел аза тұтқан кезеңде боянып, иіс су себуге болмайтыны жазылған. Әйел боянған уақытта да «ысырапқа жол бермей, қалыптасқан әдет-ғұрыпқа қайшы келмеуі керек».
Осыған дейін ҚМДБ сурет салуға қатысты пәтуа шығарған. Оның мән-жайын мына жерден оқи аласыздар.