Шавкат Рахмонов қандай кітап оқығанды ұнатады

Жарияланды 10 Ақпан 2025 15:36

(жаңартылды 11 Ақпан 2025 11:35)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Шавкат Рахмонов қандай кітап оқығанды ұнатады / фото: globallookpress.com

Қазақтан шыққан UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов тек жекпе-жек өнерімен ғана емес, сондай-ақ рухани және интеллектуалдық дамуға да ерекше көңіл бөледі. Kursiv LifeStyle чемпионнан сүйікті кітаптары жайлы сұрап көрді.

Dar team клубының спортшысы Шавкат кітап сөресінде ерекше орын алатын төрт кітабын атап өтті:

Құран

Шавкат Рахмонов – сеніміне берік спортшы. Ол ислам дінінің қағидаттарын ұстанып, әр жекпе-жекте қолын жайып дұға ететінін байқауға болады. Сондықтан оның басты кітабы – Құран.

Құран – адамгершілік, әділдік және сабырлық туралы үйрететін қасиетті кітап. Спортшы ретінде Шавкат бұл кітаптан шыдамдылық пен өзіне деген сенімділікті табады. Бұл қасиеттер оның октагондағы жеңістерінің негізі.

«Абай жолы»

Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы – қазақ әдебиетінің інжу-маржаны. Бұл шығарма Абай Құнанбайұлының өмірі арқылы қазақ халқының мәдениетін, дәстүрін және рухани дамуын көрсетеді.

«Млечный Путь»

«Млечный Путь» – адамның өзін-өзі тану, өмірдің мәнін іздеу және рухани даму туралы ойландыратын философиялық шығарма.

«Волоколамск тас жолы»

Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» шығармасы – соғыс кезіндегі Бауыржан Момышұлының батырлық пен қайсарлық мінезін көрсететін шығарма. Бұл кітапта майдандағы жауынгерлердің ерлігі, стратегиясы және қиындықтарға мойымау туралы баяндалады.

Сондай-ақ оқыңыз