Hyundai мен Kia қызметкерлеріне DeepSeek чат-ботын қолдануға тыйым салды

Жарияланды 11 Ақпан 2025 08:04

Еңлік Нұрболат

Еңлік Нұрболат

автор
Hyundai мен Kia құпия ақпараттардың тарап кетуінен қорқады / фото: relaycars

Hyundai және Kia қызметкерлеріне DeepSeek чат-ботын қолдануға тыйым салды. Диллерлер қытайлық нейрожелі құпия деректерін ұрлайды деп қауіптенеді. Екі компанияның қызметкерлеріне, сондай-ақ Hyundai Motor Group құрамындағы басқа бөлімшелерге қытайлық танымал чат-ботты пайдалануға тыйым салынды. Сонымен қатар шектеу Оңтүстік Кореядағы брендтердің бас кеңселеріне ғана емес, сонымен қатар Hyundai мен Kia-ның шетелдік кеңселеріне және олардың еншілес компаниялары мен филиалдарына қатысты деп түсіндіреді кореялық Etnews.com.

DeepSeekChatGPT-мен бәсекелес қытайлық нейрондық желі. Нарықтағы басқа тіл үлгілерінен айырмашылығы, DeepSeek-те сұрақтар саны мен тақырыптар легіне қатысты шектеулер жоқ. Бұған қоса нейрожеліні тегін қолдануға болады. Аталған жүйе мәтіндерді жазады, құжаттарды, бағдарламаларды талдайды және ақылы жазылымсыз көп нәрсені тегін іске асырады. 

Hyundai Motor Group DeepSeek құпия корпоративтік ақпараттың тарап кетуіне себеп болуы мүмкін деп санайды. Сондықтан деректерді қорғаудың бірыңғай тәсілін енгізбек. Бұған қытайлық желі танымалдылығының күрт өсуі және ондағы барлық деректің шифрланбаған түрде ашық жариялағаны туралы кейінгі жаңалықтар себеп. 

«Бұл қадам маңызды деректердің тарап кетуіне қарсы профилактикалық шараларымыздың бір бөлігі. Біз бұл саясатты шетелдік серіктестеріміздің әрекеттерін бақылау арқылы жүзеге асыруды жалғастырамыз», – деді Hyundai Motor Group өкілі.

Оңтүстік Кореядағы қаржы институттары да сақтық шараларын қабылдауды бастады. Кореяның төрт ірі банктік тобы – KB, Shinhan, Hana және Woori DeepSeek жуырда аталған нейрожеліге тыйым салды. Toss Bank және KakaoBank интернет-банктері де осындай шараларды қолға алған. Оңтүстік Корея Ұлттық ассамблеясы қазіргі уақытта мұндай шаралардың заңнамалық базасын әзірлеуде. Айта кететіні, DeepSeek өткен айда іске қосылды. Тегін қызметке 1,2 млн-нан астам корей қолданушысын тіркеліп үлгерген. 

Мәселен жуырда Wiz Research зерттеушілері DeepSeek пайдаланушыларының құпия ақпаратын қамтитын миллионнан астам жазбалары бар ашық дерекқорды тапқан.

Сонымен қатар Италиядағы App Store және Google Play интернет дүкендерінен қытайлық чат-бот бұғаттаған еді.

Қытайлық автоөндірушілер, керісінше, DeepSeek-тен қорықпайды және тіпті оны өз көліктеріне енгізуді жоспарлап отыр. Dongfeng Motor бұған дейін де осындай мәлімдеме жасаған болатын. Мобильді қосымша Mengshi (M-Hero), Yipai, Fengshen (Aeolus) және Nano (Nammi) үлгілерінде орнатылған. 

Қаңтар айында DeepSeek өзінің жаңа R нұсқасында бірқатар елдерде жүктеулер бойынша бірінші орынды иеленді. Бұл америкалық IT-компаниялардың индекстерінің төмендеуіне себеп болды. Мысалы, Nvidia акциялары бір күнде 17% құлдыраған еді. 

Сондай-ақ оқыңыз