Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Жарияланды 14 Ақпан 2025 10:07

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері / фото: olympic.kz

Қазақстанның шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы 2025 жылғы Харбинде өткен Қысқы Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Шешуші матчта қазақстандық хоккейшілер Оңтүстік Кореяны 3:0 есебімен жеңіп, жалпы есепте екінші орынға тұрақтады.

Ерлер құрамасы финалда ойнайды

Бүгін, 14 ақпанда, шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы финалда Жапонияға қарсы ойын өткізеді. Финалдық матч сағат 11:00-де басталады.

Азия ойындарының жабылу салтанаты

2025 жылғы Қысқы Азия ойындарының ресми жабылу салтанаты бүгін 14 ақпан сағат 17:00-де өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз