Реал – Атлетико. Чемпиондар Лигасының жеребесі тартылды

Жарияланды 21 Ақпан 2025 17:37

(жаңартылды 22 Ақпан 2025 13:46)
Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Чемпиондар Лигасының жеребесі тартылды / фото: REUTERS/Pierre Albouy

Чемпиондар Лигасының жеребесі тартылды. Былтырғы чемпион «Реал» 1/8 финалда «Атлетикомен» кездесетін болды.

Жеребе тарту арқылы анықталған жұптар мынадай:

  • «Брюгге» (Бельгия) — «Астон Вилла» (Англия);
  • «Лилль» (Франция) — «Боруссия» (Дортмунд, Германия);
  • «Реал» (Испания) — «Атлетико» (Испания);
  • «Бавария» (Германия) — «Байер» (Германия);
  • «Арсенал» (Англия) — ПСВ (Нидерланд);
  • «Фейеноорд» (Нидерланд) — «Интер» (Италия);
  • «Пари Сен-Жермен» (Франция) — «Ливерпуль» (Англия);
  • «Бенфика» (Португалия) — «Барселона» (Испания).

Алғашқы ойындар 4-5 наурызда, ал қарымта матчтар 11-12 наурызда өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз