ФИФА вице-президенті Қазақстанға келді

Жарияланды 23 Ақпан 2025 19:44

Меліс Сейдахметов

Меліс Сейдахметов

General news бөлімінің тілшісі m.seidakhmetov@kursiv.media
ФИФА вице-президенті Қазақстанға келді
ФИФА вице-президенті Қазақстанға келді/Фото: ҚФФ сайты

Халықаралық футбол федерациясының вице-президенті Шандор Чаньи Қазақстан футбол федерациясының кеңсесіне ресми сапармен келді, деп хабарлады федерацияның ресми сайты.

Іс-сапар барысында Федерация президенті Марат Омаров Шандор Чаньиге ҚФФ кеңсесінде таныстыру экскурсиясын өткізіп, федерацияның қызметі туралы баяндады. Сондай-ақ Футбол үйіндегі манежді көрсетті.

«Кездесу барысында тараптар Қазақстанда футболды дамыту, ФИФА және УЕФА ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайтудың маңызын атап өтті. Бұған қоса, футбол бастамаларын жүзеге асыруда өзара қолдау көрсету қажеттігі жайлы өзекті мәселелерді талқыланды» делінген хабарламада

Шандор Чаньи жуырда ҚФФ президенті болып сайланған Марат Талғатұлын қызметімен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықтың жемісті болатынына сенім білдірген. Сондай-ақ ФИФА мен УЕФА Қазақстанда футболдың дамуын жан-жақты қолдауға дайын екенін атап өткен.

ҚФФ шығындарды оңтайландыру аясында клубтардың ұлттық біріншіліке қатысу жарнасын төмендеткен.

Сондай-ақ оқыңыз