Қазақстанда жұмыссыздар қатары ресми статистикадан әлдеқайда көп – Halyk Finance

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қазақстанда жұмыссыздардыі саны қанша /Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Halyk Finance сарапшылары Қазақстандағы жұммыссыз деңгейі ресми статистикадан әлдеқайда жоғары деп түжырымдайды. Ұлттық статистка бюросы ұсынған 4,6 пайзы емес, 7,2% дан 8,3 пайызға дейін жетуі ықтимал.

Тарихи минимум ба, әлде статистикалық иллюзия ма?

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 2024 жылдың төртінші тоқсанында 4,6%-ды құрап, тарихи минимумға жетті. Бұл көрсеткіш кейінгі бес жыл бойы 5%-дан аспай, тұрақты деңгейде сақталып келеді. Жұмыссыздықты есептеу Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесіне сүйенеді, оған сәйкес, жұмыссыз адам – белсенді түрде жұмыс іздеп, жұмыс істеуге дайын азамат. Дегенмен, «Халық Финанс» сарапшылары бұл деректер еңбек нарығындағы шынайы жағдайды толық көрсетпейді деп есептейді.

Жұмыссыздар саны ресми көрсеткіштен әлдеқайда көп

Сарапшылар ресми деректерде есепке алынбайтын факторлар көп екенін айтады. Мысалы:

  • Жасырын жұмыссыздық – уақытша немесе толық емес жұмыс істейтін, бірақ тұрақты жұмысы жоқ азаматтар.
  • Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – олардың табысы тұрақсыз және көбіне экономикалық тұрғыдан осал.
  • NEET жастары – жұмыс істемейтін, білім алмаған және біліктілігі жоқ жастардың саны 356 мың адамға жетті.

Сарапшылар жүргізген зерттеуге сәйкес, балама әдістерді қолданғанда Қазақстандағы нақты жұмыссыздық деңгейі 7,2%-дан 8,3%-ға дейін жетуі мүмкін.

Жұмыссыздықты нақты анықтау үшін жаңа тәсілдер қажет

Осы ретте сарапшылар елдегі жұмыссыздықты дәлірек анықтау үшін дамыған елдердің әдістерін енгізуді ұсынады

«АҚШ пен Канадада жұмыссыздықтың бірнеше кеңейтілген көрсеткіштері бар, олар экономикалық белсенді емес, бірақ жұмыс істеуге дайын азаматтарды да есепке алады», – дейді экономист Санжар Қалдаров.

Сонымен қатар, аймақтық, гендерлік және жастық теңсіздіктерді ескере отырып, жаңа еңбек нарығы бағдарламалары қажет.

2024 жылғы IV тоқсандағы көрсеткішке сай, елде әртүрлі салада 9 млн 197 мың адам жұмыс істейді. Оның ішінде 7 млн 47 мыңнан астам адам жалдамалы қызметкер болса, 2 млн 149 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Сондай-ақ оқыңыз