Ипотекалық ұйымдар былтыр 43 млрд теңге таза пайда алған

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
ипотекалық ұйымдар
Ипотекалық компаниялар қанша табыс алды / Фото: shutterstock,бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ипотекалық ұйымдар былтыр 42,8 млрд теңге таза пайда алған. Ұлттық банк дерегіне сәйкес, ипотекалық ұйымдардың активтері 1,6 трлн теңгені құраса, 1,3 трлн теңгеге міндеттемесі бар.

Қазақстанда екі мекеме ипотекалық ұйым ретінде тіркелген. Біріншісі – «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ болса, екіншісі – «Экспресс Финанс» Ипотекалық ұйымы» АҚ.

Қос компанияның несие портфелі 574 млн теңгені құрайды.

Таза пайданың 42,4 млрд теңгесі «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясына» тиесілі болса, 436 млн теңгесі «Экспресс Финанс» ипотекалық ұйымының тапқан табысы.

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы «Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы» 2000 жылы құрылған. Оған тұрғын үй құрылысын ұзақмерзімді қаржыландыру және ипотекалық кредиттеуді дамыту міндеті жүктелді.

2020 жылы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясына» «Бәйтерек девелопмент» АҚ және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ қосылып, компания атауы өзгерді. 2021 жылдан бері «Қазақстандық Тұрғын үй Компаниясы» АҚ деп аталады. Жалғыз акционері – «Бәйтерек» холдингі.

«Эскпресс Финанс» 2014 жылы банктік операциялар жүргізуге лицензия алған. 2022 жылғы аудиторлық есебіне сәйкес (сайтында одан жаңасы жоқ), компанияның жалғыз акционері – Сыздықова Юлия. Басқарма төрағасы Сәбденов Санжар деп көрсетілген.

Сондай-ақ оқыңыз