Енді несие алуға телефонмен тыйым салуға болады

Жарияланды 25 Ақпан 2025 10:47

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Несие алуға телефонмен тыйым салуға болады / Фото: shutterstock

Егер несие алу сізге қиындық тудырса, телефонмен өзіңізге «тыйым салуға» болады. Ол үшін бар болғаны 1414 нөмеріне хабарласу жеткілікті. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюродан хабарлады.

Несиеге тыйым салу үшін:

  • 1414 нөміріне хабарласыңыз
  • Тілді таңдайсыз, орыс немесе қазақ
  • «Несиеге тыйым салу» деп айтасыз
  • Дыбыстық сигналдан кейін ЖСН теріңіз
  • СМС-код келгеннен кейін әрекетті растайсыз

«Бұл қызметті Бірінші Кредиттік бюро ұйымы Халыққа арналған үкіметпен бірге іске қосты. Аталған сервис смартфон қолданбайтын немесе интернетке шыға алмайтын азаматтар үшін пайдалы болады», – деп жазылған хабарламада.

Телефон арқылы несиеге тыйым салуға, оны қайта алып тастауға да болады.

Еске салайық Egov Mobile арқылы да несие алуға шектеу қоюға мүмкіндік бар. Ол үшін Egov-тың мобильді қосымшасына кіріп, «Несиені тоқтату» деген батырманы басасыз.

Қазақстандықтардың несие алуы көбейе түсті. Сол үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және Ұлттық Банк проблемалық несиелерді азайтуға тырысып жатыр. Енді мерзімі өткен кредиті бар азаматтардың тағы да қарыз алуына шектеу қойылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз