Танымал жұлдызды жұп отбасылық бизнес ашты

Жарияланды 25 Қараша 2026 16:51

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
agugai.kz, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Танымал жұлдызды жұп Дана Маханбаева мен Әділ Сламхан Алматы қаласында отбасылық бизнес ашты.

Нан өнімдерін өндіретін сауда орны «Таба нан» деп аталады. Әлі толық ашылмаса да, дос-жарандары шашу шашып, құттықтап келіп жатыр.

«Сүйінші, ағайын, Алла бұйырса, Дана қыздарыңыз бизнес бастап жатыр. Әдекең өнерің бір бөлек. Енді бизнесті көр деп маған «Таба нанды» баста деп ашып беріп жатыр. Неше айдан бергі еңбегіміз. Сіздермен қуанышымызды бөлісейін», – деп жазды Дана Маханбаева.

Жұлдыздың жұп бастаған іске құтты болсын айтып жатқан оқырмандардың қарасы көп.

«Бизнесіңіз шарықтап, адам үзілмесін! Құтты болсын!», «Табысты, несібелі кәсіп болсын!» деп игі тілектерін жаудырып жатыр.

Айта кететін жайт, Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы TADDS брендімен жеке тігін өндірісін ашқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз