Асу Алмабаев – Манел Капе жекпе-жегі: тікелей эфир қашан және қайдан көруге болады

Жарияланды 28 Ақпан 2025 08:39

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Асу Алмабаев – Манел Капе жекпе-жегі / фото: UFC.com

2 наурыз, жексенбі күні қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаев (21-2) АҚШ-тың Невада штаты, Лас-Вегас қаласында өтетін UFC Fight Night 253 турнирінде басты жекпе-жекке шығады. Оның қарсыласы – Анголадан шыққан Манел Капе (20-7). Айта кетейік Асу Алмабаев UFC тарихындағы басты жекпе-жекте өнер көрсететін алғашқы қазақ.

Жекпе-жекті қайдан көруге болады?

Тікелей эфирді 2 наурыз күні сағат таңғы 06:20 Setanta Sports 2 телеарнасы мен
UFC-дің ресми сайтынан көруге болады.

Асу Алмабаев қазіргі таңда UFC-дің жеңіл салмақтағы ТОП-10 рейтингінде 8-орында тұр. Өзінің соңғы кездесуінде бразилиялық Матеус Николауды (19-5-1) төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.

Ал, Манел Капе UFC-дегі 8 жекпе-жегінде 5 рет жеңіске жетіп, 3 рет жеңіліс тапқан. Оның соңғы жекпе-жегі Бруно Силваны (14-6-2) нокаутпен жеңді.

Еске сала кетейік, бұған дейін тағы бір қазақстандық UFC спортшысы Шавкат Рахмонов чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шықпайтыны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз