1 бөлмелі үй – 6 млн теңге. Астанадағы арзан пәтерлер тізімі

Жарияланды 4 Наурыз 2025 08:23

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Астанадағы арзан пәтерлер /Фото: shutterstock

2025 жылдың 5 наурызынан бастап «Отбасы банктің» бірінші «Наурыз» бағдарламасы, сосын 17 наурыздан бастап «Наурыз-жұмыскер» бағдарламасы іске қосылады. Екінші бағдарламаның аясында 30-36 млн теңгенің арасындағы пәтерді ипотекаға алуға болады. Жалпы Астанада 36 млн теңгеге қандай пәтер табуға болады? Kursiv. Мedia тілшісі сайттарды қарап, Астанадағы арзан пәтер тізімін жасап көруге тырысты.

Арзан бір бөлмелі пәтерлер

Нұра ауданындағы 22 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтер

Фото: krisha.kz

Бағасы – 6 млн 800 мың теңге

Жылы – бұл үй Нұра ауданындағы Үркер ықшам ауданында орналасқан. 2016 жылы пайдалануға берілген, төрт қабаттың бірінші қабатындағы пәтер-студия.

Пәтердің жағдайы – үй иелерінің сөзінше, жаңа емес, бірақ жағдайы жақсы. Маңайында мектеп, балабақшалар бар. Қала орталығына қоғамдық көлікпен (66,36,35,45) 40 минутта жетуге болады. Үйдің кірберісінде видеобақылау жүйесі орнатылған.

Сарыарқа ауданындағы 36 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтер

Фото: krisha.kz

Бағасы – 18 млн 990 мың теңге

Жылы – «Кенесары» тұрғын үй кешенінде орналасқан пәтер 2007 жылы пайдалануға берілген. 12-қабаттың 10-қабатында орналасқан.

Пәтер жағдайы – жақсы. Кірпіш үй, косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілген. Маңайында 54,11,35 мектептер және 4-емхана бар. Жағалауға 5-7 минутта баруға болады.

Арзан екі бөлмелі пәтерлер

Сарыарқа ықшам ауданындағы 45 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтер

Фото:astana.etagi.com

Бағасы – 14 млн 500 мың теңге

Бұл үйді жаңа тұрғын үй кешені деуге келмейді. 1963 жылы салынған, бес қабаттың үйдің үшінші қабаты. Қабырғаларының биіктігі – 2,7м

Пәтердің жағдайы – үй иелерінің сөзінше, кейбір тұстарына жөндеу жұмыстары керек. Нақты айтқанда, ас үй мен жуынатын бөлмені реттеу керек. Жуынатын бөлме және дәретхана екі бөлек. Үй қаланың оң жағалауында, орталықта орналасқан.

Нұра ықшам ауданындағы 52 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтер

Фото:astana.etagi.com

Бағасы – 20 млн 900 мың теңге

Пәтер «Үркер Сity» тұрғын үй кешенінде орналасқан, 2020 жылы пайдалануға берілген. 4 қабатты үйдің үшінші қабаты.

Пәтер жағдайы – үй иелерінің сөзінше, пәтерге заманауи жөндеу жұмыстары жүргізілген. Астанадағы арзан пәтер деуге келетін үй қаланың сол жақ жағалауында, «Keruen city» сауда орталығынан 10 минут қашықтықта.

Байқоңыр ықшам ауданындағы 65 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтер

Фото:astana.etagi.com

Бағасы – 23 млн 500 мың теңге

Жылы – пәтер «Фаворит» тұрғын үй кешенінде орналасқан, 2011 жылы пайдалануға берілген. 17 қабатты үйдің 16-қабатында.

Пәтер жағдайы – хабарландыруға сенсек, үй иелері пәтерді шұғыл сатып жатыр. Екі бөлмелі пәтер-студия, косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілген. Тұрғын үй кешенінің өзі Бөгенбай даңғылының бойында, бірінші және екінші қабаттарында фитнес-орталықтар, балабақша және аң аулауға арналған дүкен де бар. Жақын маңайда базар, сауда орталықтары және мектеп-гимназия да бар.

Арзан үш бөлмелі пәтер

Байқоңыр ауданындағы 45 шаршы метрлік үш бөлмелі пәтер

Фото: krisha.kz

Бағасы – 13 млн 800 мың теңге

Жылы – пәтер орналасқан тұрғын үй 1968 жылы салынған. 4қабаттың бірінші қабаты

Пәтер жағдайы – жақсы, косметикалық жөндеу жүргізілген. Үй иелері шұғыл түрде сатып жатыр, саудаласуға болады

Алматы ауданындағы 56 шаршы метрлік үш бөлмелі пәтер

Бағасы – 13 млн 950 мың теңге

Жылы – пәтер орналасқан тұрғын үй 2006 жылы салынған. 5 қабаттың екінші қабаты, пәтер студия.

Пәтер жағдайы – орташа, жиһаздар, тұрмыстық техникамен жабдықталған. Автотұрағы бар. Жағалауға дейін 10 минутта баруға болады, Абылай хан даңғылынан 5 минуттық жерде.

Сарыарқа ауданындағы 54 шаршы метрлік үш бөлмелі пәтер

Фото: krisha.kz

Бағасы – 15 млн 990 мың теңге

Жылы – пәтер орналасқан тұрғын үй 1970 жылы салынған. 5 қабаттың бірінші қабаты.

Пәтер жағдайы – орташа, толық жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Сатылғаннан кейін жиһаздар, компьютерлік стол жаңа иесіне қалады. Үш бөлмеден бөлек қоймасы да бар.

Бұған дейін Алматыдағы арзан пәтерлер тізімін дайындаған едік, оны мына жерден оқуға болады.


Сондай-ақ оқыңыз