Блогерлерге салық салу – басы: келесі кезекте кімдер тексеріледі? (видео)

Жарияланды 3 Наурыз 2025 16:36

Жания Әбдібек

Жания Әбдібек

Youtube бөлімінің тілшісі
Блогерлерге салық салу басы: келесі кезекте кімдер тексеріледі?
Блогерлерге салық салу басы: келесі кезекте кімдер тексеріледі? / Фото: KURSUV MEDIA YouTube

Қазақстанда әлеуметтік желілер арқылы ақша табатындарға салық салу мәселесі қызу талқылануда. Соңғы мәліметтерге сәйкес, салық органдары блогерлермен ғана шектелмей, интернет арқылы табыс табатын барлық азаматтарды тексеруді жоспарлап отыр. Мысалы:

  • Instagram-да 20 мыңнан астам оқырманы бар кез келген адам;
  • Интернет арқылы ақша табатын кез келген адам (интернет-дүкендер, инфо бизнесмендер және т.б.);
  • Wildberries, Ozon, Kaspi арқылы сауда жасайтын саудагерлер;
  • Интернет арқылы гив және лотерея ұйымдастыратын адамдар.

Салық органдары жыл басынан бері 80 мың адамға, ал соңғы күндері тағы 260 мың адамға салық хабарламасын жіберді.

Егер сізге салық хабарламасы келсе, келесі кеңестерді ескеріңіз:

  • Дүрбелеңге берілмеңіз. Хабарламаға 30 күн ішінде жауап беруге болады.
  • Өз шоттарыңызды бақылауда ұстаңыз.
  • Түскен әрбір теңге үшін жауап беруге дайын болыңыз.
  • Өз карталарыңыз арасында ақша аударудан аулақ болыңыз.
  • Ақша аударған кезде, төлемнің мақсатын көрсетіңіз (қарыз, сыйлық және т.б.).

Салық органдары сонымен қатар инфобизнесмендердің қызметін де мұқият тексеріп жатыр. Әсіресе, халықтың аңғалдығын пайдаланып, гив, лотерея және марафондар ұйымдастыратын алаяқтар назарда. Салық органдарының мақсаты – интернет арқылы табыс табатын барлық азаматтардың салық төлеуін қамтамасыз ету. Бұл қадам көлеңкелі экономиканы азайтуға және мемлекеттік бюджетті толықтыруға бағытталған.

Блогерлерге салық салу мәселесі қоғамда қызу талқылануда. Кейбір азаматтар салық органдарының әрекеттерін қолдаса, басқалары бұл шаралардың шамадан тыс қатаң екенін айтып, сынға алуда. KURSUV MEDIA YouTube арнасы блогерлердің салық төлеуі туралы арнайы репортаж әзірледі. Материалдың толық нұсқасын сілтемеге өтіп көруге болады. 

Сондай-ақ оқыңыз