Ораза ұзақтығы: елімізде қай қала тұрғындары ұзақ ауыз бекітеді?

Жарияланды 4 Наурыз 2025 11:12

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Рамазан-2025: Ораза туралы білуіңіз керек маңызды жайттар
Ораза ұзақтығы: елімізде қай қала тұрғындары ұзақ ауыз бекітеді? / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Биылғы Рамазан айы жұмаға қараған түні, ақпанның 28-і, оразаның бірінші күні, сенбі, 1 наурыздан басталды. Қасиетті ай исламдық ай күнтізбесіне негізделген. Ол Григориан күн жылынан 11 күнге қысқа, сондықтан оның басталуы жыл сайын ертерек ауысады. Рамазан күндерінің саны әлем бойынша оны ұстанатын барлық мұсылман үшін бірдей болғанымен, күнделікті оразаның ұзақтығында аса айырмашылық жоқ.

Өзге елдердегі ораза уақыты қалай?

Бұл солтүстікте тұратындар экваторға жақын немесе тіпті қазіргі уақытта күннен алыс орналасқан Оңтүстік жарты шарда тұратындарға қарағанда әлдеқайда ұзағырақ ораза ұстауы керек дегенді білдіреді. Ресми Islamicfinder деректеріне негізделген бұл диаграмма Рейкьявик аралында Рамазан оразасын ұстаған мұсылмандар 16 сағат 29 минутқа дейін ораза ұстауы керек екенін көрсетеді. Бұл осы жылдың оразасының соңғы және ең ұзақ күні, яғни 29 наурызда күннің шығуы мен батуы арасындағы уақыт. Ал Аустралияның Мельбурн қаласында тұратын мұсылмандар ең көбі 13 сағат 16 минут ораза ұстауы керек. Керісінше, оңтүстік ендіктегі елдерде, мысалы, Аргентина, Чили және Аустралияның оңтүстігінде ораза ұстау уақыты шамамен 11-12 сағатты құрайды. 

Өзге елдердегі ораза уақыты қалай?
Өзге елдердегі ораза уақыты қалай? / Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Рамазан күндері ауысқанда, жылға байланысты оразаның ұзақтығында айтарлықтай айырмашылық болуы мүмкін. Мысалы, 2013 жылы Рамазан айы Солтүстік жарты шарда жаздың шарықтау шегінде өтті, Норвегия сияқты елдер түнде небәрі үш сағат күннің батуын бастан кешірді. Бұл 20 сағатқа созылатын ораза ұстауды білдіреді. Бұған қарсы тұру үшін мұсылмандар Рамазанды Меккенің кестесін (2025 жылы 13 сағат 35 минут) немесе ең жақын мұсылман қаласы арқылы да тойлай алады.

Қай өңірде ораза уақыты ұзақ?
Қай өңірде ораза уақыты ұзақ? / Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Елімізде Өскемен қаласы бірінші ауыз бекітсе, Оралдықтар ең кеш ауыз ашады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2025 жылғы Рамазан айының ораза кестесін жариялады. Ораза ұстау уақыты әр өңірде географиялық орналасуына байланысты өзгереді.  Еліміздің кейбір өңірінде ауыз бекіту әрқалай. Мысалы, 29 наурызда  Өскемен қаласында ауыз бекіту уақыты таңғы 3:41 де болса, ақтаулықтар  6:02 де ауыз бекіту аяқталады. Сәйкесінше ауыз ашар уақытында да осындай айырмашылық бар.  Өскемен қаласында 18:02 де ауыз ашар басталса, оралдықтар жұрттың соңында сағат кешкі  20:08  де ауыз ашады. Осылайша уақыт белдеуі бір болғанымен, географиялық орналасуына байланысты уақыт айырмашылғы айтарлықтай жоғары. 

Қай өңірде ораза уақыты ұзақ?

2025 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ)  жариялаған Рамазан айының ораза кестесіне назар аударсақ, ең ұзақ ораза уақыты Семей қаласында. Семейліктер 15 сағат 3 минут ауыздары берік жүрсе, Шымкент қаласында керісінше 13 сағат 56 минут ең қысқа уақыт болып отыр. Оңтүстік өңірлер осымен шамалас болып келсе, солтүстікке қарай керісінше уақыт ұзара бастайды. Батыста қысқа болғанымен шығысқа қарай уақыт ұзара бастайды. 

Сондай-ақ оқыңыз