
2025 жылдың 12 қарашасында Димаш Құдайберген Лондондағы OVO Arena Wembley стадионында өзінің жеке «STRANGER» концертін өткізеді. Бұл туралы әнші өзінің instagram парақшасында бөлісті.
Димаш ерекше кешке әнші арнайы жаңа композициялар дайындап, тыңдармандарын ерекше музыкалық сапарға шақырмақ.
Концертке билеттерді алдын ала сатып алу 14 наурызда басталады.
Бұл – Димаштың Лондон сахнасындағы екінші жеке концерті болмақ. Бұған дейін, 2018 жылдың 19 қарашасында Ұлыбритания астанасында алғаш рет Indigo at the O2 аренасында өнер көрсеткен еді.
Димаштың Лондондағы жаңа концерті оның халықаралық деңгейдегі танымалдылығының тағы бір дәлелі. Ұлыбританиядағы және әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер әншінің әсерлі дауысы мен ерекше шоуын тамашалай алады.
Еске сала кетейік, 7 наурызда Димаш атақты композитор Уолтер Афанасьевпен бірлесіп жазған Love’s not over yet атты жаңа әні мен бейнебаянын шығарды.