Қуат Хамитовтің Сабина Алтынбековадан көңілі қалды ма?

Жарияланды 18 Наурыз 2025 10:59

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Қуат Хамит Сабина Алтынбековадан бас тартқанын меңзеді/коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Қуат Хамит Сабина Алтынбековадан бас тартқанын меңзеді/коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

ММА жауынгері Қуат Хамитов волейболист Сабина Алтынбекованың ажырасқаны туралы жаңалыққа қатысты өз ойын айтты.

Sports.kz хабарлауынша, Қуат Хамитовтің Сабина Алтынбековадан көңілі суып кеткенге ұқсайды. Оның айтуынша, көп жігіттер сұлу волейболист қыз ажырасқан соң, «шансың бар» дегенді меңзеп, спортшыға Сабинаға қатысты ақпараттарды қарша боратқан.

«Жігіттер мені белгілегендеріңді тоқтатыңдар. Маған қандай қыздар ұнайтыны жөнінде бұрын айтқанмын», – деп жазды Қуат Хамит.

Айта кететін жайт, 2020 жылы «Қызық Live» бағдарламасында жүргізуші Қуат Хамитовтан қашан шаңырақ көтеретіні туралы сұраған болатын. Ол кезде ММА жауынгері көзі түсіп жүрген қызы бар екенін айтқан. Қалыңдығы ретінде әлі тұрмыс құрмаған Сабина Алтынбекованы көретінін жасырмаған еді.

Сол жылы Сабина продюссер Саят Тостықбаевқа тұрмысқа шықты. 2021 жылы жас отбасы ұлды болды. Өткен аптада Сабина Алтынбекова ажырасқаны туралы мәлімдеме жасады.

«Иә, мен ресми некеде болдым, ал қазір ресми түрде ажырастым. Бұл туралы көптеген сұрақтар болды, енді осы тақырыпқа нүкте қойдым», – деп жазды спортшы

Сөзіне қарағанда, басқаны таңдағаны үшін Қуат Хамитовтің Сабина Алтынбековадан көңілі қалған тәрізді.

Сондай-ақ оқыңыз