Hyundai, Samsung және LG Ресей нарығына қайта оралуы мүмкін

Жарияланды 28 Наурыз 2025 12:08

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Hyundai, Samsung Ресей нарығына қайта оралуы мүмкін / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Hyundai Motor Group, Samsung Electronics және LG Electronics сынды Оңтүстік Кореяның ірі технологиялық және өнеркәсіптік алпауыттары Ресей нарығына қайта оралу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы The Korea Times басылымы хабарлады.

Компания өкілдері санкциялардың жұмсаруы мүмкін деген ақпаратқа байланысты жағдайды жіті бақылап отырғандарын мәлімдеген. LG Electronics компаниясының бас директоры Чо Джу-ван:

«Санкциялар алынған жағдайда жұмысымызды қайта бастауымыз мүмкін», – деп мәлімдеді.

Басылым мәліметінше, Ресей мен Украина арасындағы бітім келіссөздері жандана бастаған тұста, оңтүстіккореялық компаниялар Ресейдегі қызметтерін қайта жандандыру бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерін жылдамдатқан.

LG Electronics — қайта оралуға дайын тұрған бірінші компания. Мәскеудегі зауытта өндірістің бір бөлігі қайта іске қосылған. Бұдан бөлек, HD Hyundai Electric компаниясы да Ресей нарығында белсенділік танытып, 2025 жылы өтетін «Электро-2025» көрмесінде өз өнімдерін жергілікті дистрибьютор арқылы ұсынуды жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Vitol, Trafigura және Gunvor секілді ірі еуропалық мұнай трейдерлері де Ресей нарығына оралу мәселесін қарастырып жатқандығын туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз