Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова жартылай жалаңаш түскен отбасылық сурет үшін сынға қалды

Жарияланды 8 Сәуір 2025 10:39

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова ерсі екенін ескермеген. /фото: instagram
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова ерсі екенін ескермеген. /фото: instagram

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова теңіз суында жартылай жалаңаш түскен отбасылық фото сурет үшін сынға қалды.

Танымал әнші екі ұл, екі қызымен шетелде бірге демалып, теңіз суына түскен фото-суретін әлеуметтік желіге жария етті.

Танымал әнші фотоның астына «Естен кетпес демалыс болды» деп жазды.

Бұл фото неге дау тудырды?

Десе де, отбасылық сурет көпшілікке ұнамай қалды. Қайрат Нұртас бой жетіп қалған қызы мен әкесінің жартылай жалаңаш фотоға түскенін, оны көпшілікке жариялағанын сынға алушылар көбейді.  

«Анасының тәрбиесі» деп Жұлдыз Әбдікәрімованы да айыптаушылар табылып отыр.

«Кеудесін көрсетіп, әкесімен суға түскені ұят екен. Мұсылмандық тәрбие деген қалып бара ма?» – деп сын айтты Шырын Раметова деген қолданушы.

«Жабық киінсін»

Тұрғынбекұлы атты қолданушы қыз балалары жабық киім кигені дұрысырақ болатынын алға тартып отыр. Оның пікірінше, қазір әкесімен, ер балалармен жүріп, суға түсуге ыңғайлы киімдер бар.

«Отбасымен демалыс жақсы. Бірақ бір жерде қателік бар. Жалаңаш болғандары. Қыз балалары ересек болды. Ұят емес пе? Ерсі көрінеді», – деп жазды Рахат Қамысбайұлы.

Желі қолданушылардың пікірінше, Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова ерсі екенін ескермеген.

Жұлдыздың кінәсі не?

Кейбіреулер кеудесі жауып тұратын киім киюге шақырса, енді бірі бұл үшін Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованы кінәлап жатыр. Олардың пікірінше, ол дұрыс тәрбие бермеген.

Енді бір қолданушылар қыздарының әкесінің көзінше жартылай жалаңаш жүрмек түгілі, алдын кесіп өтпейтінін айтып мақтанған.

«Қайрат – ақкөңіл бала»

Дегенмен жұлдыздар отбасына игілік тілеп, Қайрат Нұртасты жақтап жатқандардың да қарасы көп.  

«Қазақтар көре алмайды. Өз балаңа тәрбие бер. Біреуде нең бар?», – деп жазды Гүлжайна. «Отбасыңмен бірге бол», «Қайрат ақкөңіл, жақсы бала. Бала-шағаңмен бақытты бол», «Отбасының бірлігін сақтап қалған жақсы», – деп қолдау білдіріп жатқандар да аз емес.

Мұның алдында Қайрат Нұртастың өткен концерттері туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз