
Air Astana әуе компаниясы 31 мамырдан бастап Атырау – Баку бағыты бойынша тұрақты тікелей рейстерді іске қосады.
Ұшу уақыты: Атыраудан Бакуге – 1 сағат 25 минут, кері бағытта – 1 сағат 35 минут. Рейстер аптасына үш рет, яғни дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері ұшады.
KC277 рейсі (Атырау – Баку): дүйсенбі және сенбі күндері – сағат 18:30–18:55, сәрсенбі – сағат 21:35–22:00.
KC278 рейсі (Баку – Атырау): дүйсенбі және сенбі – 19:55–22:30, сәрсенбі – 23:00–01:35.
Билет бағасы қанша
Бару-қайту билетінің құны эконом-класта 96 527 теңгеден, ал бизнес-класта 278 681 теңгеден басталады. Қазақстан азаматтарына Әзербайжанға 30 күнге дейін бару үшін виза талап етілмейді.
Сондай-ақ Бакуге тікелей рейстер Алматы әуежайынан да қолжетімді. Жазғы маусымда рейстердің жиілігі аптасына үш ретке дейін артады.
Еске салайық, 2025 жылы Air Astana келесі жаңа бағыттар бойынша рейстер ашатынын хабарлаған болатын:
31 мамырдан бастап — Астана – Нячанг (Вьетнам)
20 сәуірден бастап — Алматы – Мумбай (Үндістан)
14 мамырдан бастап — Астана – Дананг (Вьетнам)
27 мамырдан бастап — Атырау – Тбилиси (Грузия)
28 мамырдан бастап — Алматы – Ош (Қырғызстан)
1 маусымнан бастап — Алматы – Франкфурт (Германия)
4 маусымнан бастап — Алматы – Дананг (Вьетнам).