Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні 500-ден астам қазақстандық жұп неке қиды

Жарияланды 15 Сәуір 2025 20:04

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Ғашықтар күні 500-ден астам қазақстандық жұп неке қиды / фото: GOV.kz

Қазақстанда жыл сайын 15 сәуірде аталып өтетін Ғашықтар күніне орай еліміздің түкпір-түкпірінде жүздеген жұп некесін қиды. Биыл бұл күнге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, АХАЖ бөлімдеріне 500-ден астам өтініш түскен.

Неке қию саны бойынша көшбасшы өңірлер:

  • Алматы қаласы
  • Астана қаласы
  • Түркістан облысы

2025 жылдың І тоқсаны бойынша жалпы неке саны

Жалпы, 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында елімізде 23 835 неке тіркелген. Бұл көрсеткіштің айтарлықтай бөлігі де Алматы мен Астана қалаларына, сондай-ақ Түркістан облысына тиесілі. Ал 2024 жылы Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелген.

Неке рәсімін қалай тіркеуге болады?

Қазақстанда неке қиюға өтінішті бірнеше жолмен беруге болады:
• АХАТ бөлімдері арқылы
• Электрондық үкімет порталы (eGov.kz)
• Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы

Өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады, ал неке қию рәсімі 15 күннен кейін жүзеге асырылады. Егер бұл күн демалысқа немесе мереке күніне сәйкес келсе, рәсім келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» ғашықтар күні қалай пайда болғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз