
Қазақстан шахматшылары юниорлар арасындағы рапид бойынша әлем чемпионатында тарихи жеңіске жетті – отандық спортшылар 6 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды.
Әлем чемпиондары атанған жас шахматшылар:
- Әдинұр Әділбек (O8)
- Алиша Бисалиева (G8) – барлық 11 партияда жеңіске жетіп, сенсациялық нәтиже көрсетті
- Әміржан Әнетов (O10)
- Айару Алтынбек (G14)
- Елназ Қалиахмет (G16)
- Ерғали Сүлеймен (O18)
Сондай-ақ G14 санатында өнер көрсеткен Жансая Шолпанбек қола медаль иеленді.
Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 11 турдан тұрды. Жас ерекшеліктеріне қарай өткізілген додада алты чемпионды шығарған Қазақстан бейресми командалық есепте бірінші орынға шықты.
Чемпионат 2025 жылғы 13–17 сәуір аралығында Грекияның Родос аралындағы Rodos Palace Hotel халықаралық конференц-орталығында өтіп жатыр. Оған 49 елден 8–18 жас аралығындағы 433 шахматшы қатысып жатыр. Жарыстар бозбалалар мен қыздар арасында жеке-жеке ұйымдастырылған.