Сәкен Майғазиев Шерзат ісі жайлы пікір білдірді

Жарияланды 22 Сәуір 2025 18:25

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Сәкен Майғазиев Шерзат ісі жайлы пікір білдірді / фото: ашық дереккөз

Әнші Сәкен Майғазиев атышулы Шерзат ісіне қатысты өз көзқарасын білдірді. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы күндері өзіне бағытталған сынға жауап ретінде жазба жариялап, кімнің қандай лауазым иесі екені емес, адамның адами болмысы маңызды екенін айтты.

«Шерзат туралы пікір де жазбай, Русланға келгенде тілекші бола қалыпсың» деген сөздерді естіп жүрмін. Бірақ мен ешкімді бөліп-жарған емеспін. Ұлтын, мемлекетін, ата-анасын, отбасын сүйген жанды ғана биік бағалаймын. Бай-бағланның да, миллионердің де маған ештеңе бөліп бермейтінін білем. Ал несібем – Алладан, – деді ол.

Сәкеннің айтуынша, Шерзат ісі де өзіне оңай тимеген. Әнші бұл жайлы 2024 жылдың 12 қазанында өз парақшасында қабырғасы қайысқанын білдіріп жазған.

«Сол кезде де ешкімге көрсетіп, ақталуға тырысқан жоқпын. Ал қазір мені жазуға мәжбүрлеп жатқандардың қарасы көп», – дейді өнер иесі.

Майғазиев өз жазбасында ешкімге жау емес екенін, керісінше, қазақ халқы үшін күн сайын дұға тілейтінін айтып өтті.

Мен адам алаламайтын жанмын. Баршасына құшағым ашық. Қалғаны – құқық қорғау органдарының құзырындағы шаруа. Баршаңызды Алла қолдасын, – деп түйіндеді ол сөзін.

Еске сала кетейік, Шерзат ісі бойынша сот басталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз