Боранбаевқа тиесілі «Целинный» орталығының ашылуы 2025 жылдың күзіне қалдырылды

Жарияланды 30 Сәуір 2025 14:47

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Целинный орталығының ашылуы 2025 жылдың күзіне қалдырылды / фото: ашық дереккөз

Көптен күткен «Целинный» мәдени кеңістігінің ашылуы 2025 жылдың күзіне шегерілді. Бұған ғимаратты қайта жаңғырту барысындағы күрделі техникалық мәселелер себеп болды.

Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, мамыр айына жоспарланған ашылу уақыты кейінге шегерілуге мәжбүр болды. Себебі, ғимаратты қайта қалпына келтіру секілді күрделі құрылыс барысында қосымша құрылыс және техникалық шешімдерге байланысты қауіпсіздік пен сапаға қатысты бірқатар міндетті жұмыстар пайда болған.

«Целинный» – жай ғана ғимарат емес, бұл – өмір сүретін кеңістік. Біз бұл жерді зерттеу, диалог, кездесу мен жаңа мағыналарды қалыптастыратын орын ретінде көреміз. Сол себепті, оны алғашқы күннен бастап толыққанды, қауіпсіз әрі жайлы күйінде ашқымыз келеді», – делінген ресми мәлімдемеде.

Жоба авторлары техникалық жұмыстарды толық әрі ешқандай ымырасыз аяқтау үшін қосымша уақыт қажет екенін алға тартып отыр. Ашылу мерзімі 2025 жылдың күзіне белгіленді.

Айта кетейік, Бұрынғы кинотеатр орнында құрылып жатқан бұл жаңа форматтағы орталық – Қайрат Боранбаевтың бастамасымен қолға алынған ауқымды мәдени жоба.

Сондай-ақ оқыңыз