Димаш Құдайберген жаңа бейнебаян түсірді (видео)

Жарияланды 2 Мамыр 2025 18:31

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаян түсірді/фото: видеодан скриншот

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жаңа бейнебаян түсірді. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Тау ішінде» бейнебаянына халық алдында жүрген жұлдызды жұп Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанова, олардың қызы Айым Сейтметова түскен.

Тыңдармандар жаңа бейнебаянды Алматыда өтетін фан-кездесуде көре алады.

«26 мамырда Almaty Arena-да өтетін фан-кездесуді күтіп жүргендеріңізді білемін. Сіздерге тосын сый ретінде «Тау ішінде» жаңа комедиялық бейнебаянын дайындадым. 26 мамырда осы әнді бәріміз бірге орындайық! Ресми демеуші – Freedom Bank», – деп жазды Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерімен өтетін фан-кездесуіне билеттер 22 сәуірде Ticketon.kz сайтында сатылымға шықты. Шара 2024 жылдың 13–14 қыркүйегінде Астанада өткен үлкен стадиондық концерттің эксклюзивті көрсетіліміне арналады. 

Сондай-ақ оқыңыз