Қызғалдақ бейнеленген үлкен кілем Қазақстан рекордтар кітабына енді

Жарияланды 5 Мамыр 2025 09:52

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қызғалдақ бейнеленген үлкен кілем рекордтар кітабына енді / фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Жамбыл облысының қолөнершілері қызғалдақ бейнесі салынған алып киіз кілем жасап, Қазақстан рекордтар кітабына енді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аумағы 200 шаршы метр болған бұл киіз кілемді 100 шебер үш ай бойы дайындаған. Қолшеберлер барлығы бес түрлі қолөнер бірлестігінің өкілдері.

Алып кілем «Қызғалдақтар мұрасы» халықаралық фестивалі аясында жұртшылыққа алғаш рет таныстырылып, көпшіліктің назарына ұсынылды. Киіз бұйым бірден Қазақстан рекордтар кітабына еніп, ерекше мәдени жетістік ретінде тіркелді.

«Қазақ халқының тұрмысында киіздің орны ерекше. Биылғы ақпан айының ортасында бес бірлестіктің 100-ге жуық өкілі осы жобаны жүзеге асыру үшін бас біріктірді. Шығармашылық топ қызғалдақ бейнесі салынған ерекше өнер туындысын жасау үшін күні-түні еңбек етті», – дейді «Qoloner Taraz» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Раушан Күндызбаева.

Еске сала кетейік, бұған дейін 12 түп қызғалдақ жұлған әйелге 12 млн теңге айыппұл салынғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз